Бүгінгі екінші ойынында жекелей сында Елена Рыбакина (әлемнің 10-ракеткасы) америкалық Джессика Пегулаға (WTA рейтингінде 7-орын) қарсы шықты. Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:4 есебімен, екінші партияда 6:1 нәтижесімен жеңіске жетті. Осылайша, жалпы есеп 1:1 болды.
Бұған дейін Юлия Путинцева Эмма Наварроға жол берген еді. Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады – 6:7 (6:8). Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды.
Келесі кезекте жұптық сында Жібек Құламбаева/Анна Данилина – Хейли Баптист/Маккартни Кесслер өзара мықтыны анықтайды.