Елена Рыбакина АҚШ-та әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді

330

Қазақстандық теннисші Цинциннатти турнирінің 1/2 финалына шықты. 

Елена Рыбакина АҚШ-та әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді Фото: @lenarybakina

Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен ұтты. 

Ойын барысында Елена Рыбакина 11 эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді және 5 брейк-пойнттың 3-еуін жүзеге асырды. Бұл Рыбакинаның мансабындағы WTA 1000 деңгейіндегі 11-ші жартылай финалы.

Осылайша, өзара кездесулердегі есеп – 5:7, әзірге Беларусь спортшысы алда.

Жартылай финалға шыққаны үшін Елена Рыбакина 206 мың доллар сыйақы мен 390 рейтингтік ұпайға ие болды. 

Финалдық жолдама үшін Елена Рыбакина 1/4 финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Матч сенбіге жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу