Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына енді

229

Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады. 

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына енді Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілердің үздік ондығына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейтингте Рыбакина 10-орынға жайғасты. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады. Оның ішінде 11,3 миллион доллары жүлде қорларынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттардан түскен.

Рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Оның жылдық табысы 62,9 миллион долларды құраған. Екінші орында Янник Синнер (Италия) – 59 миллион доллар, ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) түйіндеді.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енді.

2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:

Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 млн доллар;
Янник Синнер (Италия) – 59 млн;
Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 млн;
Серена Уильямс (АҚШ) – 40 млн;
Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 млн;
Новак Джокович (Сербия) – 25,6 млн;
Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 млн;
Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 млн;
Александр Зверев (Германия) – 16,7 млн;
Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 млн доллар.

Айта кетейік, Рыбакина 2026 жылғы маусымда Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы екінші "Үлкен дулыға" титулын иеленді. Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде топ жарып, бес матчтың барлығында жеңіске жетуінің арқасында 5,23 миллион доллар көлемінде сыйақы алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу