Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

733

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында.

Алғашқы екі орынды польшалық Ига Швентек пен беларусияолық Арина Соболенко иеленді, ал бұрын бір саты төмен болған америкалық Кори Гауф үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық жұптық жарыстардың үздік ойыншысы Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды.

Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу