Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді

221

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді Фото: Чемпионат

Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, жылдың қорытынды турниріне жолдама алған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-ден 6-орынға көтерілді.

Чемпиондық кестеде үздік сегіз теннисшінің қатарынан көрінген қазақстандық теннисші 1-8 қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін қорытынды турнирде өнер көрсетеді. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 76-дан 75-ке ауысты.

Зарина Дияс 300-інші, Жібек Құламбаева 337-сатыда тұр.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко көш бастаса, Польша өкілі Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында. 

Жұптық сында Токио жарысының финалында ойнаған Анна Данилина 13-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 103-тен 104-ке, Ж.Құламбаева 131-ден 134-ке төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу