Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді

213

Рыбакина өзінің алдындағы америкалықтар Аманда Анисимова мен Кори Гауфты басып озды.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді Фото: WTA

Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үшінші орынға көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы бәсекенің нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 6 910 ұпаймен 3-орынға орнығып тұр. Осылайша, қазақстандық спортшы 2023 жылы маусымда қол жеткізген үздік нәтижесін қайталады.

Еленаның әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен финалдық матчы сенбі күні өтеді. 

Е.Рыбакина кейінгі он жылда WTA қорытынды турнирі мен Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққан үшінші ойыншы атанды. Бұдан бұрын мұндай көрсеткішке Арина Соболенко (2022-2023, 2025-2026) және даниялық Каролина Возняцки (2017-2018) жеткен еді. 

Сонымен қатар сенбі күні Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында бельгиялық Элизе Мертенс – қытайлық Чжан Шуаймен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу