Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы төмен сырғыды

663

Ал Юлия Путинцева рейтингтегі 29-орнын сақтап қалды. 

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы төмен сырғыды Фото: Sportbox

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингті жаңартты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік бестіктен тыс қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина рейтингте 5-орыннан 6-орынға cырғыды. Бұған оның WTA қорытынды турниріндегі нәтижесі себеп болып отыр.

Қазақстандық теннисші осы жарыста тек бір рет жеңіске жетіп, топтан шыға алмаған еді. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингтегі 29-орнын сақтап қалды. Ал тізімдегі топ-3 теннисші өзгерген жоқ.

Беларусь спортшысы Арина Соболенко көш басында болса, польшалық Ига Швентек екінші орында, ал АҚШ өкілі Кори Гауфф үздік үштікті түйіндеп тұр. Жұптық сында ойнайтын қазақстандық теннисші Анна Данилина 22-орында қалды. Чехиялық Катерина Синякова мен Жаңа Зеландия спортшысы Эрин Рутлифф жұптық рейтингте әлі де көшбасшы болып тұр.

Ал канадалық Габриэла Дабровски украиналық Людмила Киченоктың орнына үшінші сатыға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу