Отандасымыз ширек финалда әлемнің 2-ші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті.
Кездесудің алғашқы сетінде теннисшілер брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған сәтте Елена Рыбакина брейк жасап, партияны 7:5 есебімен өз пайдасына шешті.
Екінші сетте Елена Рыбакина бірден басымдыққа ие болды – 2:0. Одан кейін қарсыласына мүмкіндік бермей, кездесуді эйспен аяқтады – 6:1.
1 сағат 35 минутқа созылған матчта Рыбакина 11 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Швентек 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.
Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық мансабында 2-ші рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.
Финал жолдамасы үшін Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 6-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.