Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

1215

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы доданың 2-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Бірінші партияда брейкпен алға шыққан Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Екінші сет одан да тартысты өрбіп, тай-брейкте Елена жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3). Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді. Е.Рыбакина айтулы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен таласады. Ол әлемнің 23-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдызы Кори Гауфты 4:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстанның - бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик те Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовпен шеберлік байқасты. Бублик екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, бес эйс жасады. Қарсыласы төрт эйспен шектелді. Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу