Елена Рыбакина алғаш рет Берлин турнирінің ширек финалына өтті

357

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 19-сатыдағы белорустық Виктория Азаренкомен таласады

Елена Рыбакина алғаш рет Берлин турнирінің ширек финалына өтті Фото: yonex.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші көгал маусымындағы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен өткізді. Осыған дейін қос қарсылас өзара 4 рет кездесіп, соның бәрінде Рыбакина басым түскен еді.

Бұл жолы Елена матчты қарқынды бастады – 3:0. Есеп 5:3 болып, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмағанымен, тағы бір брейк жасай білді – 6:4. Есесіне екінші партияда Кудерметова 2:0, 3:1 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 3:3. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Кудерметова 1 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ. Осылайша, қазақстандық спортшы алғаш рет Берлин жарысының ширек финалына жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу