Кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишкова оңай шағылар жаңғақ емес-ті.
Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.
Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Е.Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.
Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.