Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездескен еді, есеп тең – 2:2. Өткен жылы Майамидегі (АҚШ) соңғы ойында Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Бұл жолы бірінші партияда Киз брейкпен алға кетті – 3:1. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:3.
Екінші сетті Рыбакина сәтті бастап, айқын басымдылыққа қол жеткізді – 6:1.
Үшінші, шешуші партияда Рыбакина өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, Киз сондай сәттерде сәтті ойнады - 6:3.
1 сағат 50 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін ғана пайдаланды. Киз 4 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Мэдисон Киз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингіде 75-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметованы жолдан тайдырды – 6:4, 6:1.
Осылайша, ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.