Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

259

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты Фото: static.sportbox.ru

Отандасымыз жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Бұл жеңістің арқасында дүйсенбі күні Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің 3-ші ракеткасы атанады.

Финалда қазақстандық спортшы әлемнің 1-ші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жарыстан шығарған болатын.

Финалдық матч 31 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады.

Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтіп жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 74,9 миллион АҚШ доллары. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу