Екінші ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингіде 32-орында тұрған Мария Саккари шеберлік байқасты.
М.Саккари – кезінде әлемдік рейтингіде 3-сатыға дейін көтерілген теннисші.
Бірінші партияны Рыбакина брейкпен түйіндей алды – 6:4.
Екінші сетте Елена бірден брейк жасап, алға кетті – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Дегенмен матчқа доп бергенде, Саккари брейк жасап кетті – 2:5. Бәрібір жеңіс Рыбакинаның еншісінде қалды – 6:3.
Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлтіксіз пайдаланды. М.Саккари 2 эйспен, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Қазақстан – Грекия матчында Е.Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді.
Сөйтіп үшінші, жұптық бәсекенің керегі болмай қалды.