Елена Рыбакина Chicago Fall Tennis Classic турнирінің 1/8 финалына өтті

989

Елена келесі кездесуін ресейлік теннисші Вероника Кудерметоваға қарсы өткізеді.

Елена Рыбакина Chicago Fall Tennis Classic турнирінің 1/8 финалына өтті

Индиан-Уэллс супертурнирі алдында Чикагодағы WTA 500 турнирінде әлемнің ең үздік теннисшілерінің басым бөлігі өздерін сынап көруде. Солардың бірі қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Турнирдің 1/16 финалы аясында  ол Беларусь өкілі Александра Сасновичпен кездесті.

Жарысты бірден екінші айналымнан бастаған әлемнің 17-ракеткасы Елена жалпы есепте 6: 4, 6: 4 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 30 минутқа созылған матч төсеніші қатты алаңда өтті. Ойын барысында Рыбакина 20 геймнің 12-де жеңіске жетіп, бес рет қос қателікпен, төрт пас өткізіп, үш брейк-пойнт орындады.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалдық кездесуін бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да Вероника Кудерметоваға қарсы өткізеді. Ресейлік теннисші соңғы тоғыз жарыста турнир кестесінде бірінші кезеңнен әрі аса алмаған екен. Бірақ, бұл жолы Чикагода екі қарсыласын да жеңді. Бірінші айналымда Кудерметова үш сетте де Анна Калинскаядан (7-6, 4-6, 6-2) басым түсті. Содан кейінгі Дартқа қарсы жекпе-жек те жеңіл болды. Вероника екінші қарсыласын 6-3, 6-4 есебімен сенімді жеңді.

Айта кетейік, бір апта бұрын Острава турнирінде Елена Рыбакина Вероника Кудерметовадан 6-1, 6-3 есебімен басым түскен болатын. Чикагода көп нәрсе өзгереді деп ойламаймыз. 27 қыркүйек басталған турнир 2 қазанға дейін жалғасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу