Елена Рыбакина Чикагодағы турнирдің ширек финалына шықты

1006

Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчич.

Елена Рыбакина Чикагодағы турнирдің ширек финалына шықты

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларын құрайтын Chicago Fall Tennis Classic турнирінің 5-нөмірлі ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Елена Рыбакина осы жарыстың 12-ракеткасы ресейлік Вероника Кудерметованы 7: 6 (7: 4), 7: 5 есебімен ұтты.

Кездесу екі сағатқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, допты ойынға қосу барысында төрт рет қателесті және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Кудерметова допты ойынға қосу барысында он рет қиыс кетіп, бес рет қос қателік жасады және 10 брейк-пойнттың үшеуін сәтті қолданды.

Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен ойнайды. Айта кетейік, Олимпиаданың жартылай финалында қазақстандық үш сеттен тұратын тартысты кездесуде болашақ чемпион Белинда Бенчичтен 6: 7 (2: 7), 6: 4, 3: 6 есебімен ұтылған еді. Сонымен қатар Белинда Токиодағы ойындарда жұптық сында да тамаша нәтиже көрсетіп, күміс жүлде иеленген болатын. Еліміздің бірінші ракеткасы мен Олимпиада чемпионы арасында өтетін кездесудің тартысты өтері сөзсіз.

Ширек финалдық кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:45-те өтеді. 27 қыркүйек басталған турнир 2 қазанға дейін жалғасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу