Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтады

121

Цинциннатидегі жарыстан соң Елена US Open турниріне қатысады. 

Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтады

АҚШ-та өткен жарыстың жартылай финалында қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швёнтекке 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина есеп 5:4 болып, сетке доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдалана алмады – 5:7. Екінші сетте Швентек бірден алға кетіп, жеңісті уысынан шығарған жоқ – 6:3.

Жеке кездесулерде енді Швёнтек 6:4 есебімен алда, әрі биыл қазақстандықты үш матч қатарынан жеңіп отыр.

Цинциннатиде Елена Рыбакина Рената Заразуа, Элиза Мертенс, Мэдисон Киз және өткен жылғы чемпион, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтты.

Жартылай финалға шыққаны үшін Рыбакина 206 мың доллар сыйақы мен 390 рейтингтік ұпай жинады. Қазір ол маусымдық чемпиондық жарыста жетінші орында тұр және WTA маусымның қорытынды турниріне жолдама алады.

Алдағы аптада Рыбакина АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында басталатын биылғы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – US Open турнирінің негізгі кезеңінде  өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу