Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

264

Бүгінгі матчта Еленаның бапкерлері құрамында Стефано Вуков бой көрсетті. 

Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты Фото: sports.kz

Елена Рыбакина (WTA №10) рейтингі жоғары болғандықтан аталмыш жарыстың тоғызыншы ракеткасы болып тіркеліп, сайысты бірден еінші айналымнан бастады. Екінші айналымда Рыбакина Рената Заразуаға (WTA №70) қарсы ойнап, 4:6, 6:0, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Биылғы маусымда алғаш рет Рыбакинаның бапкерлер құрамында Стефано Вуков болды. Күні кеше WTA қазақстандық теннисшінің бапкеріне амнистия жариялап, турнирлерде жұмыс істеуге қайта рұқсат берді.

Монреальдағы үшінші айналымға шыққаны үшін Елена Рыбакина 32 840 доллар сыйақы мен 65 рейтингтік ұпай еншіледі. Келесі қарсыласы Элиза Мертенс (WTA №22). 1/16 финал аясында өтетін матч 11 тамызға жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу