Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды

86

Матч барысында 3 сеттің басында Елена медициналық тайм-аут алды. 

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Антония Ружичке қарсы матчты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Кездесу өте тартысты өтті. Алғашқы партияны Рыбакина 7:5 есебімен өз пайдасына шешті. Алайда екінші сетте Ружич басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Шешуші, үшінші сетте қазақстандық спортшы кортта небәрі 11 минут қана ойнап, 0:1 есебімен хорватиялық теннисші алда тұрған сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.
Матч барысында Рыбакина физиотерапевтке өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Ол қатты шаршағанын, жүрегі айнып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші соңғы күндері ұйқысының бұзылғанын, таңертең "басым ауырлап оянамын" деп шағымданған.
Осылайша, Антония Ружич турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал Елена Рыбакина Дубайдағы жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу