Қазақстанның бірінші ракеткасы Дохада өтіп жатқан Qatar TotalEnergies Open турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты.
Елена Рыбакина канадалық Виктория Мбокодан үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:4, 4:6 есебімен ұтылды.
Жартылай финалда Мбоко латвиялық Еленой Остапенкомен кездеседі.
Бұған дейін Елена Рыбакина турнир барысында қытайлық Ван Синьюйді 6:2, 6:4 есебімен, сондай-ақ Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Осы нәтижесінің арқасында Елена әлемдік рейтинг есебіне 195 ұпай қосты. Сондай-ақ 98500 АҚШ доллар көлемінде табыс тапты.
Дохадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 4 088 211 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 665 000 АҚШ доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.