Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA Premier турнирінің екінші айналымына шықты

1506

20 жасар қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғашқы ойында румыниялық Соран Кырстяны 3:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтып, 2-айналымға жолдама алды.

Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA Premier турнирінің екінші айналымына шықты

Екі теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Елена жеті эйс жасап, екі мәрте қателік жіберді. Қазіргі таңда ол Әлемдік рейтингте 19-орыннан 17-орынға көтерілді. Ал, оның қарсыласы Соран Кырстя WTA рейтингінде 72-орында тұр. Бұған дейін теннисшілер ешқашан өзара кездескен емес.

Енді Қазақстанның үздік теннисшісі 2-айналымда 25 жасар бельгиялық Элисон Ван Эйтванкқа қарсы өнер көрсетеді. Бельгия спортшысы Әлемнің 62-ракеткасы. Ол осы турнирдің алғашқы кезеңінде Словения өкілі Полон Херцогты 6:2, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Сонымен қатар, Дохада өтіп жатқан теннис турнирінің екінші айналымына тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да шықты. Ол венгрялық Тимея Бабошты 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Келесі ойында Юлия Әлемнің 23-ракеткасы Бельгия теннисшісі Элиза Мертенспен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, Дохадағы теннис турнирінің жүлде қоры 2,9 миллион долларды құрайды.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу