Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында әлемнің 33-ракеткасы Ван Синьюйді (Қытай) 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Қарсыластар кортта 1 сағат 21 минут өткізді. Осылайша Рыбакина жеке кездесулердегі басымдылығын 3:0-ге жеткізді.
Qatar TotalEnergies Open турнирінің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакина америкалық Алисия Паркс пен қытайлық Чжэн Циньвэнь арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
1/8 финалдық матч ертең Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
Qatar TotalEnergies Open турнирінің жүлде қоры 4,088,211 долларды құрайды. Жеңімпаз 1000 рейтингтік ұпай мен 665 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.
Айта кетейік, 8-ақпан басталған жарыс 14-ақпанға дейін жалғасады.