Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты.
Отандасымыз рейтингте жоғары сатыда орналасқандықтан, жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Қазақстанның үздік теннисшісі жапониялық Моюки Учижиманы 6:3, 6:2 есебімен 1 сағат 14 минутта жеңді.
Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 10-орында тұрған испаниялық Паула Бадоса болмақ.
Ол бельгиялық Элиса Мертенсті 6:2, 6:2 есебімен, 1 сағат 13 минутта жарыс жолынан шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу