Елена Рыбакина Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің ширек финалына шықты

346

Әзірге Елена осы турнирде 215 рейтингтік ұпаймен қатар 83 470 АҚШ доллар табыс тапты.  

Елена Рыбакина Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің ширек финалына шықты Фото: WTA

Жүлде қоры 3,6 миллион доллардан асатын Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде әлемдік рейтингіде 7-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ширек финалға шықты.

Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің үшінші айналымында Елена испаниялық теннисші Паула Бадосамен кездесті.

Бірінші сетте Елена 3:0 есебімен алға шыққанымен, 4:6 есебімен есе жіберді. Екінші сетте қазақстандық теннисші мықтырақ болып шықты (10:8). Үшінші сетте ойын тағдыры тай-брейкте (6:6) шешіліп, Рыбакина тағы да шеберлік танытты (7:2).

Осылайша, Елена ширек финалға жолдама алып, жеке кездесулердегі есеп 4-4 болды. Теннисшілер кортта 2 сағат 51 минут өткізді.

Рыбакинаның Дубайдағы келесі қарсыласы турнирдің қазіргі чемпионы италиялық Ясмин Паолиниді (No4) 6:4, 6:0 есебімен жеңген америкалық София Кенин болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу