Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Оның рейтингі жоғары болғандықтан, жарысты екінші айналымнан бастап, онда аустралиялық Кимберли Бирреллді (94-орын) екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, Елена 1/8 финалға жолдама алды.
Өткен жылы Дубайдағы турнирде Елена Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, ресейлік теннисші Мирра Андрееваға есе жіберген еді.
Айта кетейік, Dubai Tennis Championships турнирінің жүлде қоры 4 088 211 долларды құрайды. Жеңімпаз 665 000 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу