Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Истбурндағы турнирдің 1/4 финалындағы сыннан сүрінбей өтіп, латвиялық Анастасия Севастованы 2: 6, 7: 6 (9: 7), 7: 6 (7: 5) есебімен жеңді.
Екінші сетте Анастасия тай-брейкте брейк жасап, 6: 4 есебімен алға шықты. Бірақ кездесуді жеңіспен аяқтау мүмкіндігін жіберіп алды. Елена агрессивті форхендтің арқасында екі матчбол жасап, екінші кезеңде жеңіске жетті. Ал үшінші шешуші сетте, тай-брейкте ол әбден қалжыраған және көңіл-күйі түскен қарсыласынан басым түсті.
"Бұл өте әсерлі матч болды және мен оны жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жалпы, ойын жоғары деңгейде өтті. Мен кездесуді осылай өткізіп, жартылай финалға шыққаныма қуаныштымын", - деді матчтан кейін Елена Рыбакина.
Кездесу 2 сағат 32 минутқа созылды. Елена үш брейк және үш эйс жасап, допты ойынға қосу барысында алты рет қателесті. Анастасия екі эйс жасап, үш рет қате жіберді. Бұрын спортшылар бір-бірімен кездескен емес. Жартылай финалда Рыбакина Латвияның тағы бір өкілі - Елена Остапенкомен кездеседі.
Eastbourne International турниріне қатысқан тағы бір жерлесіміз Александр Бублик ширек финалда италиялық Лоренцо Сонегодан 1:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.
1 сағат 18 минутқа созылған матчта Александр сегіз эйс және бір брейк жасап, допты ойынға қосу барысында тоғыз рет қателік жіберді. Ал Лоренцо үш рет қателік жіберіп, төрт брейк-пойнтты сәтті орындады. Жеке кездесулердің есебі италиялықтың пайдасынағ, 3: 1-ге жетті. Александр үшін Итсбурндағы жарыстың 1/4 финалына жету – оның спорттық мансабындағы ең жақсы көрсеткіш болды. Ол соңғы рет 2019-жылы екінші іріктеу кезеңінде америкалық теннисші Сандгренге үш сетте ұтылды.
Ермұхамед Мәулен