Елена Рыбакина эйстер ханшайымы атанды

133

Әйелдер теннис қауымдастығы 2025 жылдың ең жарқын спорт оқиғаларының біріне айналған жаңалықты жария етті.

 Елена Рыбакина эйстер ханшайымы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да тарихқа енді. Ол 2016 жылдан бері маусым ішінде 500 эйстен жоғары көрсеткішке қол жеткізген алғашқы теннисші атанды. Мұндай дәл әрі жойқын соққылар ең сирек көрсеткіштердің бірі.

WTA өз жазбасында:

"Эйстер ханшайымы. Елена Рыбакина 2025 жылы 500-ден астам эйс жасады. Бұл 2016 жылдан бері бірде-бір теннисші бағындырмаған межені қайта жаңғырту", – деп атап өтті әйелдер теннис қауымдастығыны баспасөз қызметі.

2025 жыл Рыбакина үшін табысты маусым болды. Ол бірден үш ірі титулды – Страсбургте өткен WTA 500, Қытайдағы Ningbo Open, Әйелдер теннисінің ең беделді жарыстарының бірі Эр-Риядтағы WTA Финалдық турнирінде жеңіске жетті. 

Осылайша, Рыбакина тек рекордтарды жаңартып қана қоймай, әлемдік теннистегі өз орнын айқын көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу