Елена Рыбакина екі айда 1 млн доллар табыс тапты

248

Қазақстанның үздік теннисшісі жыл басынан бері 1 010 313 доллар (501 млн теңге) табыс тапты.

Елена Рыбакина екі айда 1 млн доллар табыс тапты Фото: Жеке парақшасынан

Күні кеше Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты.

Қазақстандық екінші айналымда Нидерланды өкілі Сюзанна Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезекте Елена британдық Кэти Боултермен кездеседі.

Елена Рыбакина алдағы ойында да кортқа фаворит мәртебесінде шығады. Бірақ Кэти Боултер де осал қарсылас емес. 1/16 финалдық матч Қазақстан уақыты бойынша 02:00-ге жоспарланған.

2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапты.

2025 жылы ең көп жүлде жеңіп алған ТОП-6 теннисші:

1. Мэдисон Киз – $2 379 924

2. Ига Швентек – $1 560 061

3. Арина Соболенко – $1 456 805

4. Кори Гауфф – $1 373 731

5. Мирра Андреева – $1 098 920

6. Елена Рыбакина – $1 010 313

Елена Рыбакина кәсіби мансабында тек теннис турнирлерінен 16 745 303 АҚШ доллар табыс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу