Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Турнирді екінші айналымнан бастаған отандасымыз ресейлік Вероника Кудерметоваға қарсы ойнап, екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Рыбакина ширек финалда әлемнің бірінші экс-ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. Осы матча жеңіске жеткен спортшы ресейлік Анна Калинская мен белоруссиялық Арина Соболенко жұбының жеңімпазымен ойнайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу