Елена Рыбакина Ига Швёнтектен айласын асыра алмады

289

Ол Қытайда өтіп жатқан биылғы маусымдағы соңғы турнирге қатысып жатыр. 

Елена Рыбакина Ига Швёнтектен айласын асыра алмады

26 желтоқсанда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №5) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен World Tennis Continental Cup көрме турнирі аясында әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездесті.

Кездесу Швёнтектің жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:3.

Осылайша 2025 жылы теннисшілер өзара 6 рет кездесіп, 5 ойында жеңіс Швёнтекке бұйырса, 1 ойында Елена Рыбакина жеңіске жетті. 

28 желтоқсанда қазақстандық теннисші Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы ойнайды. Сонымен қатар, ол ресейлік Андрей Рублёвпен бірге жұптық кездесуде Ига Швёнтек / Валентин Вашро дуэтіне қарсы кортқа шығады.

Айта кетейік, Қытайдағы турнир аясында әлемдік теннис жұлдыздарынан құралған Еуропа мен Әлем құрамалары өзара сынға түсіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу