АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/16 финалында Елена Рыбакина Украина спортшысы Марта Костюкпен кездесті. Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:4, 6:4. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездеседі. Картал бүгін таңертең америкалық Мэдисон Кизді (15-орын) жеңіп, сенсация жасады.
Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы – ресейлік Мирра Андреева. Алайда ол чехиялық теннисші Катержина Синяковаға 4:6, 7:6 (7:5) 6:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Елена Рыбакина – Сонай Картал арасындағы матч 11 наурызға жоспарланған.
Жарыстың жеңімпазы 1 201 125 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.