Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты. Үшінші айналымда ол әлемнің 38-ші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді 6:0, 7:5 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Ойын барысында Рыбакина 6 эйс жасап, 2 қос қателікке жол берді және 8 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды. Ал Бултердің еншісінде 2 эйс, 2 қос қателік және 1 брейк-пойнт бар.
Ширек финалға шығу үшін Рыбакина Дания өкілі Клара Таусон мен Ресей теннисшісі Мирра Андреева арасындағы матчтың жеңімпазы 17 жастағы Мирра Андреевамен кездеседі.
Андреева мен Рыбакина арасындағы кездесу 12 наурызда өтеді. Теннисшілер турнирдің ширек финалдық жолдамасын сарапқа салады. Жеке кездесулердегі есеп 1-1.
Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 8,9 миллион доллардан (4 миллиард теңге) асады.