Елена Рыбакина Indian Wells Open турнирінің ширек финалына шықты

472

Турнир аяқталған соң Елена Рыбакина әлемнің 2-ші ракеткасы атануы мүмкін.

Елена Рыбакина Indian Wells Open турнирінің ширек финалына шықты Фото: Майк Хевитт | Getty Images

Қазақстанның 1-ші ракеткасы Елена Рыбакина (№3) АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Open турнирінің төртінші айналымында Ұлыбритания теннисшісі Сонай Карталға (№54) қарсы кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Картал жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осылайша, қазақстандық теннисші келесі кезеңге өтті.

Елена Рыбакина енді ширек финалда америкалық Джессика Пегулаға қарсы ойнайды. Кездесу 13 наурызда таңғы сағат 5:00-де өтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 18,8 млн долларды (шамамен 9,4 млрд теңге) құрайды. Жеңімпаз 1,2 млн доллар (шамамен 585 млн теңге) сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу