Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте Виктория Азаренкомен кездеседі

1411

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ұзаққа созылған сәтсіз ойындар мен жарақаттардан кейін Американың Индиан -Уэллс корттарында өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады. Ол бельгиялық Алисон Ван Уйтванкты 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте Виктория Азаренкомен кездеседі

Матч шамамен бір жарым сағатқа созылды. Елена допты ойынға қосу барысында үш рет қателесіп, сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындады. Нәтижесінде, Уйтванк пен қазақстандық теннисші арасындағы жеке кездесулердің есебі 3:0-ге жетті. Осылайша, Елена келесі кезеңге жолдама алып, белоруссиялық Виктория Азаренкомен кездесетін болды. 1/16 финал 15 наурызға жоспарланған. Өткен жылғы Indian Wells турнирінің жеңімпазы испаниялық Паула Бадоса финалда Виктория Азаренконы жеңген де айта кетейік.

Еленаның келесі қарсыласы, әлемдік рейтингте 15-орында тұрған 32 жастағы Виктория Азаренко осы жарыстың екінші кезеңінде рейтингте 96-шы сатыға жайғасқан 26 жастағы Аустралия өкілі Астра Шармамен (96-шы рейтинг) кездесті. Кездесу Азаренконың жеңісімен аяқталды. Бірінші сетті 6:3 есебімен, екіншісінде 7:5 есебімен белоруссиялық теннисші жеңіске жетті. Ойынның ұзақтығы 1 сағат 43 минутты құрады.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан Мастерс сериялы турнирінің негізгі кезеңі бойынша екінші айналымға өте алмады. Турнир басталғанда әлемнің 154-ші ракеткасы Кукушкин екі сетте ATP рейтингінде 39-шы орында тұрған америкалық Томми Полды 4:6, 4:6 есебімен ұтты. 1 сағат 31 минутқа созылған матчта Кукушкин бір эйс, ал оның қарсыласы төрт эйс жасап, Михаил үш геймде де де жеңілді. Полдың келесі кезеңдегі қарсыласы әлемдік рейтингте үшінші, неміс теннисшісі Александр Зверев болмақ.

Жұптық сайстарда Қазақстанның үздік теннисшісі Андрей Голубев америкалық Индиан-Уэллс корттарында өткен ірі халықаралық турнирді әлемнің үшінші ракеткасы германиялық Александр Зверевпен дуэтте сәтті бастады. Қазақстандық-германиялық жұп осы мәртебелі доданың бірінші айналымында Даниэль Эванс (Англия) пен Карен Качановты (Ресей) 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Енді олар ширек финалға шығу үшін Аревало (Аргентина) / Ройер (Голландия) - Пиирс (Австралия) / Полашек (Словакия) кездесуінің жеңімпаздарымен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу