Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан, жүлде қоры 3,6 миллион доллардан асатын WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
1/8 финалда Рыбакина әлемнің 46-ракеткасы словакиялық Ребекка Шрамковамен кездесті. Бірінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға шықты. Бірақ ойын тағдыры тай-брейкте (7:6) шешілді. Онда қазақстандық теннисші шеберлік танытты (7:1).
26 минутқа созылған екінші сетте Рыбакина қарсыласына екі ұпай ғана алуға мүмкіндік берді – 6:2.
Рыбакинаның Дохадағы турнирдегі келесі қарсыласы Линда Носкова (Чехия) – Ига Швентек (Польша) жұбының жеңімпазы болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу