Елена Рыбакина Қытайда өзбекстандық теннисшімен кездеседі

198

Рыбакина мен Кудерметова арасындағы матч 21 қазанға жоспарланған.

Елена Рыбакина Қытайда өзбекстандық теннисшімен кездеседі Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Қытайда өтіп жатқан Ningbo Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды. Ол өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Кудерметова жарыстың алғашқы кезеңінде испаниялық Кристина Букшаны (WTA рейтингінде 38-орын) 7:6 (5), 6:2 есебімен жеңді.

Рыбакина мен Кудерметова арасындағы матч 21 қазанға жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу Қазақстан уақытымен сағат 07:00-ден ерте басталмайды.

Айта кетейік, Рыбакина Нинбода өткен жылғы чемпиондық атағын қорғап жатыр. Қазақстандық теннисші былтырғы финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу