Елена Рыбакина Мадрид турнирінің ширек финалынан тыс қалды

121

Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездескен. Есеп тең – 1:1. 

Елена Рыбакина Мадрид турнирінің ширек финалынан тыс қалды Фото: Porsche Tennis

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, аустриялық, бұрынғы ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Потапова сәтті ойнады – 7:6 (10:8).

Аустриялық спортшы екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Бір сағат 56 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Потапова 2 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. 

А.Потапова жартылай финалға шығу үшін кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 197-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен таласады. Ол төртінші айналымда әлемнің 88-ракеткасы, аргентиналық Солана Сьеррадан айласын асырды – 6:4, 6:3.

Е.Рыбакина Мадридте 92 470 еуро табыс тауып, 120 рейтингілік ұпайға қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу