Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарсыластар осыған дейін өзара бес мәрте кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина басым түскен еді. Соңғы рет Индиан-Уэллс мастерс жарысының үшінші айналымында 6:4, 6:4 есебімен Костюкті ұтқан болатын.
Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 5:3. Ақыры матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Костюк 3 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 68-орындағы аустралиялық Талия Гибсонмен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, 18 жастағы америкалық Ива Йовичті айқын басымдылықпен жеңді — 6:2, 6:2.
Айта кетейік, Е.Рыбакина Майамиде 2023 және 2024 жылдары финалға дейін жеткен еді.