Елена Рыбакина мен Арина Соболенко Майамиде кездеседі

144

Қос мықтының арасындағы матч 27 наурыз күні Қазақстан уақытымен таңғы сағат 05:30 шамасында басталады.

Елена Рыбакина мен Арина Соболенко Майамиде кездеседі Фото: miamiopen

АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды. Елена Рыбакина финал жолдамасы үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесетін болды.

Соболенко ширек финалда америкалық Хэйли Баптистты 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бір сағат 19 минутқа созылған кездесуде әлемдік рейтинг көшбасшысы өз деңгейін дәлелдеді. Ал Рыбакина өз кезегінде тағы бір АҚШ өкілі Джессика Пегуланы тартысты матчта 2:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді.

Бұл кездесу жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Себебі соңғы уақытта Рыбакина мен Соболенко ірі турнирлердің финалдарында жиі жолығып жүр. Бұл қос теннисшінің 17-кездесуі болмақ және жеке кездесулердің есебі белорусь теннисшісінің пайдасына 9:7. 

Ал екінші жартылай финалда америкалық Кори Гауфф пен чехиялық Каролина Мухова кездесіп, финал жолдамасын сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу