Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті

453

Тимоти Скатов поляк спортшысы Губерт Хуркачтан жеңілді. 

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті Фото: ©WTA

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина іріктеуден өткен австралиялық Дестани Айяваны (WTA рейтингінде 194-ші орында) жеңді, есеп 6:1, 7:6 (7:1). Еленаның келесі айналымдағы қарсыласы - француз спортшысы Джессика Понше (143 WTA).

Өз кезегінде әлемнің 32-ші ракеткасы Юлия Путинцева Линда Носкованы (25 WTA) жеңді, есеп 7:6 (7:3), 6:4. Екінші раундта Юлия қытайлық Ван Синьюмен (40 WTA) ойнайды.

Ал Тимоти Скатов US Open стартында әлемнің жетінші ракеткасы Губерт Хуркачқа лайықты қарсылық көрсетті. Тәжірибелі поляк спортшысы жеңіске жетті, есеп 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:3).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу