Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді. 1/16 финалдық кезеңінде ол (әлемнің төртінші ракеткасы) АҚШ өкілі Дженнифер Брэдимен (WTA рейтингінде 584-орын) сынға түсіп, үш сетте 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 9 тамыз күні таңертең басталды. Бірақ бірінші сетте тай-брейк кезінде жаңбырға байланысты тоқтатылды. Айта кетейік, бұл турнир Рыбакина үшін Уимблдоннан кейінгі алғашқы турнир. Ұлыбритания ашық чемпионатында ол ол ширек финалда тунис спортшысы Онс Жаберден жеңіліп қалған болатын.
Матчтан кейін Рыбакина кездесуге қатысты пікір білдірді.
"Бұл кездесуде жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Кешегі жаңбырдың кесірінен расымен де қиын болды. Бүгін маған да ұзақ ойнауға тура келді. Әлі де болса мұнда бейімделуім керек. Менің ойымша, матчтың дәл осы сәтте тоқтап қалуы бізге кедергі болды. Тай-брейкте есеп 4:2 болып, есе қайтару қиынға соқты. Бұл матчты қалпына келтіру және қайтадан ойнауды бастау оңай болған жоқ. Бірақ мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын", - деді Рыбакина WTA ресми сайтына берген сұхбатында.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Монреальда (Канада) WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші раундында америкалық Слоун Стивенспен кездесуден не күтетінін айта кетті.
Әлемнің 38-ші және 2017 жылғы US Open чемпионы Стивенс беларусь теннисшісі Виктория Азаренка жарақатына байланысты кездесуден бас тартқаннан кейін жекпе-жексіз үшінші раундқа өтті.
"Сөзсіз, бұл қиын матч болады деп ойлаймын. Ешқашан бір-бірімізге қарсы ойнаған емеспіз. Тек бір рет бірге жаттыққанбыз", - деді Елена баспасөз мәслихатында.
Елена мен Слоун арасындағы матч тамыздың 10-нан 11-не қараған түні елорда уақытымен 2:30-да басталады.