Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады

208

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 85-орында тұрған 18 жастағы канадалық Виктория Мбокомен шеберлік байқасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады Фото: Dan Istitene

Өткен айда қарсыластар Вашингтон WTA 500 турнирінде кездесіп, онда Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді.

Осы дода барысында әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфты 6:1, 6:4 есебімен жеңген В.Мбоко осал емес-ті. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті.

Екінші сетте стадион толы жанкүйердің қолдауымен жергілікті спортшы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина брейкке қол жеткізіп, өз геймін де қоса алды – 4:2. Бірақ есеп 5:4 болып, өзі доп бергенде, матчболын мүлт жіберді – 5:5.

Бұдан кейін қарсыластар тағы брейк алмасты – 6:6. Тай-брейк канадалық спортшының пайдасына шешілді – 7:6 (7:4).

Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Мбоко 4 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) ерекшеленді. В.Мбоко финалда әлемнің 19-ракеткасы, даниялық Клара Таусон немесе рейтингіде 49-сатыдағы жапониялық, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Наоми Осаканың қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу