Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

277

Ойын барысында Еленаның қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты. 

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Марта Костюкты (№28 WTA) екі сетте жеңді – 6:1, 6:2.

Кездесу небәрі 53 минутқа созылды. Ал екінші сет 17 минутта аяқталды. Костюк есеп 2:6 болғанда матчты жалғастырудан бас тартты. Ойын барысында Рыбакина қарсыласынан әлдеқайда сенімді көрінді. Ол небәрі 1 қос қателік жіберсе, Костюк 3 рет қателесті. Қазақстандық теннисші 10 брейк-пойнттың 3-еуін пайдаланды. Ал Костюк өз мүмкіндігін мүлт жіберді (0/1).

Жартылай финалда Рыбакина 18 жасар Канада өкілі Виктория Мбокомен (WTA №85) кездеседі. Ол күтпеген жерден испаниялық Джессика Манейроны (№51 WTA) жарыстан шығарып жіберді. Матч 7 тамызда өтеді.

National Bank Open Presented by Rogers WTA 1000 турнирі – әйелдер арасындағы ең ірі жарыстардың бірі. Биылғы жылы Монреальдағы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 АҚШ долларын құрады. Бұл Рыбакина үшін ірі титулға қол жеткізіп, бағалы рейтингтік ұпайлар алу үшін тағы бір үлкен мүмкіндік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу