Елена Рыбакина "WTA чемпиондар жарысында" екінші орынға көтерілді, деп хабарлады inbusiness.kz сайты Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері қазақстандық 4901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын тұрған ізбасары – 4505 ұпай жинаған "Уимблдон 2024" турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолини. Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр.
"WTA чемпиондар жарысы" – маусымның ең үздік 8 теннисшісі ғана бақ сынайтын жылдың қорытынды турнирі.
Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы байқау 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларға жетіп отыр.