Елена Рыбакина Рим турнирінің жартылай финалына шыға алмады

105

Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.  

Елена Рыбакина Рим турнирінің жартылай финалына шыға алмады Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш сетке созылған матч 2 сағат 25 минутқа жалғасып, 6:2, 4:6, 4:6 есебімен аяқталды. Рыбакина алғашқы сетті сенімді жеңгенімен, кейінгі екі партияда қарсыласына есе жіберді.

Таңғаларлығы, қазақстандық спортшы жалпы ұпай саны бойынша басым болды. Рыбакина 106 ұпай жинаса, Свитолинаның еншісінде 102 ұпай бар. Алайда шешуші сәттерде украиналық теннисші сәттірек өнер көрсетті.

Турнирдің жартылай финалына шыға алмағанына қарамастан, Елена Рыбакина 150 мың еуро көлемінде сыйақы және 215 рейтингтік ұпай иеленді.

Римдегі турнирдің жалпы жүлде қоры 7,2 миллион еуродан асады. Ал чемпион атанған спортшы 1 миллион еуро мен 1000 рейтингтік ұпай алады.

Жартылай финалда Элина Свитолина әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда румыниялық Сорана Чирстеа мен америкалық Кори Гауфф өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін, Елена Рыбакина бұл турнирде 2023 жылы чемпион атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу