Елена Рыбакина Римдегі турнирді жеңіспен бастады

200

1/16 финалда Елена Рыбакина US Open чемпионымен кездесетін болды. 

Елена Рыбакина Римдегі турнирді жеңіспен бастады Фото: Жеке парақшасынан

Елена Рыбакина Италия астанасында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Екінші айналымда ол германиялық Ева Лиске (№63 WTA) еш мүмкіндік қалдырмай, 7:6(3), 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті. Матч бар-жоғы 1 сағат 25 минутқа созылды.

Үшінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы 2019 жылғы US Open чемпионы, қазіргі таңда әлемнің 121-ракеткасы канадалық Бьянка Андрееску.

Ол екінші кезеңде Хорватия теннисшісі, 20-орындағы Донна Векичті үш сеттік тартысты матчта жеңіп шықты – 6:1, 3:6, 6:2.

Бұл екі спортшы бұған дейін кортта үш мәрте жолыққан. Барлық кездесуде де басым түскен біздің Елена.

Айта кетерлігі, ол бірде-бір сет бермеген. Бұл факт матч алдындағы сенімділікті арттырса да, Андреескудың қайсар мінезін ескерген жөн.

Алда нағыз сынақ. Рыбакина тұрақты нәтижесімен жанкүйер сенімін ақтап келеді. Ал Андрееску секілді тәжірибелі қарсыласпен матч әрқашан күтпеген оқиғаларға толы болуы мүмкін. Үшінші айналымдағы бұл жекпе-жек Римдегі турнирдің басты кездесулерінің бірі болмақ.

Е.Рыбакина - Б.Андрееску, 1/16 финал, 11-мамыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу