Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде Олимпиада чемпионымен ойнайды

276

Жекелей сында ерлер және әйелдер арасында Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде Олимпиада чемпионымен ойнайды Фото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде кезінде 4-орынға дейін көтерілген, қазір 39-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кортқа шығады.

Рыбакина Токио Олимпиадасында жартылай финалда дәл осы теннисшіге есе жіберген еді. 

Сондай-ақ, биыл Әбу-Даби WTA 500 турнирінде Е.Рыбакина Б.Бенчичке тағы да жол берді. 

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатында іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу