Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

265

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылғы Франция ашық чемпионаты – "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында кезекті матчын өткізді. 

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты Фото: Жеке парақшасынан

Америкалық Ива Йовичпен (129-орын) өткен кездесуде қазақстандық теннисші айқын басымдық танытып, екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін әзірге Еленаның еншісінде 168 000 еуро сыйақы мен 130 рейтингтік ұпай бар.

Үшінші айналымда Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен (21 орын) кездеседі. Бұған дейін Остапенко америкалық Кэролайн Доулхайдты (67-орын) 5:7, 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.

"Ролан Гаррос" турнирі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Парижде өтуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 56 352 000 еуроны құрайды.

Жекелей сындағы жеңімпаз 2 550 000 еуро мен рейтингке 2000 ұпай иеленеді. Ал, қазіргі чемпион польшалық Ига Швёнтек екенін де айта кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу