Елена Рыбакина: "Шелби - мықты ойыншы"

604

Биылғы Уимблдон турниріндегі Еленаның алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды.

Елена Рыбакина: "Шелби - мықты ойыншы"

4 маусым күні елорда уақытымен 16:00-де Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде америкалық теннисшіге қарсы кортқа шығады. Осы орайда өткен жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 3-ракеткасы биылғы жарыстағы алғашқы қарсыласы туралы ойымен бөлісті.

 "Біз Шелби екеуіміз бірнеше рет ойнадық. Соның ішінде екі рет көгалдағы төсеніште кездестік-ау деймін. Ол – мықты ойыншы, допты қатты береді. Сондықтан маған оңайға түспейді. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Қолымнан келгенше бәрін жасауға тырысамын. Алғашқы матчта орталық кортта өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Оған қоса турнирге чемпион ретінде келудің өзі мүлде бөлек нәрсе. Жарыстарға осылай келе беремін деп үміттенемін. Мақсат біреу – жеңімпаз болу. Орталық үлкен кортта ахуал әрқашан ерекше. Қанағат алып, ойнап, жеңемін деп ойлаймын", - деді Рыбакина Лондондағы баспасөз мәслихатында.

Шелби Роджерс пен Елена Рыбакина өзара бес рет кездесіп, үшеуінде қазақстандық теннисші басым түскен. Америкалық спортшы 2020 жылы хард төсенішінде US Open додасында, 2022 жылы Хертогенбоста көгалда ұтқан. Ал Рыбакина 2021 жылы көгалда Берлин мен Уимблдонда, сондай-ақ 2022 жылы хардта Аделаидада Роджерсті жеңді.

Қазақстандық теннисші, сонымен қатар дайындық мәселесіне де тоқталып өтті.

"Әзірлік бізде жақсы болды. Бірақ толық дайындалып үлгерген жоқпыз. Өз мүмкіндігімізге қарай барлығын жасадық. Бұл Ролан Гарростан кейін оңай болған жоқ. Себебі сырқатыма байланысты уақыт керек болды – бір апта бойы ештеңе істеген жоқпын, тек содан кейін жайлап бастадым", деді Елена.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу