Елена Рыбакина: "Ширек финалға өткеніме қуаныштымын!"

839

Еліміздің бірінші ракеткасы спорттық мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің ширек финалына шықты.

Елена Рыбакина: "Ширек финалға өткеніме қуаныштымын!" Фото: zakon.kz

Бүгін Australian Open турнирінің төртінші айналымында (6/4, 6/4) әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швинтекті жеңді. Осылайша, Елена жекелей сында Australian Open турнирінің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.

Кездесу аяқталған соң Елена бүгінгі ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Бұл қиын матч болды. Мен Иганы оның жеңісті сериясы мен Үлкен дулыға турнирлерін жеңіп алғаны үшін қатты құрметтеймін. Ол жас, бірақ өте жақсы ойнайды. Осы ойынның оған қаншалықты қиын болғанын көрдім. Маңызды сәттерде жақсы ойнай алдым. Нәтижесінде бұл қорытынды есепке әсер етті.

Мен де, бәрі сияқты кортқа шыққанда үнемі қобалжимын. Бірақ, әрқашан сабырлы болуға тырысамын. Тым болмаса көп эмоцияны көрсетпеуге тырысамын. Бапкерім маған, керісінше, кейде эмоцияны көрсету керек екенін айтады. Мен мұны үйреніп жатырмын. Бүгін жеңіске жеттім және ширек финалға өткеніме қуаныштымын!", - деді Рыбакина.

Рыбакина спорттық мансабындағы Australian Open турниріндегі алғашқы ширек финалында әлемнің 17-ші ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Остапенко төртінші айналымда америкалық Кори Гауффты 7:5, 6:3 жеңді. Ал Рыбакина мен латвиялық теннисші арасындағы матч 24 қаңтарға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу